×

Қосшыда оқушыны соққыға жыққан 40 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікпен құтылмақ

Оқиға 30 мамырда болған еді

 Ербол Тұрымбет 17.06.2022 | 13:29
коллаж: Halyq Uni

30 мамырда кешкі сағат 5-тер шамасында Қосшы қаласындағы 17 үйдің ойын алаңында 9 жастағы екі мектеп оқушысы шекісіп қалып, оған балалардың бірінің әкесі араласып, ұлын «ренжіткен» оқушыны аяусыз ұрып-соққаны айтылды. Куәгерлердің айтуынша, 40 жастағы ер адам алдымен балаға жұдырық жұмсап, артынан оның басын асфальтқа ұра бастаған. Соның салдарынан баланың денесі көгеріп, тістері сынып, аузынан қан кеткен. Көзінің асты қатты көгеріп қалған.

Арада 20 күнге жуық уақыт өткен соң сараптама қорытындысы шыққан. Бұл туралы оқушының анасы BaigeNews.kz тілшілеріне айтып берген.

Оқушының анасының айтуынша, сараптама нәтижесінде баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Енді оқушыға күш көрсеткен ер азамат қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Одан бөлек, зардап шеккен баланың анасы шабуыл жасаған ер адам көршілерін ұжымдық арыз жазуға, кәмелетке толмаған баланы ​​бұзақы деп атауға итермелеп жатқанын, полиция оны хаттамаға түсіргенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08

Астанада 700 тонна қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Қалада 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді
27.05.2023 | 16:34