Halyq Uni логотип
×

«Күйеуімнің бүйрегін алып тастады». СҚО-да ауыл халқы көлдің суын ішіп отыр

Тұрғындардың таза су күтіп жүргеніне 15 жылдан асқан

 Самат Жақып 17.06.2022 | 12:54
«Күйеуімнің бүйрегін алып тастады». СҚО-да ауыл халқы көлдің суын ішіп отыр
фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысындағы Виноградовка ауылының тұрғындары таза судан таршылық көріп отыр. Облыс орталығынан небәрі 50 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекеннің халқы қазір тіршілік нәрін көлден тасып ішуге мәжбүр. Оның өзінде аталған су қоймасы соңғы жылдары батпаққа айналған.

«Басқа амалымыз қалмады. Көлден су тасып ішіп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Үйреніп алдық. Үйге апарып сүзіп, тазартамыз. Кейін қайнатып ішеміз. Жылда жауаптылар ауылға су келеді деп сендіріп келеді. Бірақ ол күн қашан келетіні белгісіз», - дейді Виноградовка ауылының тұрғыны Светлана Гришина.

500-ге жуық халқы бар Виноградовкада бұрындары таза су болған. Түрғындардың айтуыннша, ол кезде тіршілік нәрі тек кестемен берілген. Жаңа ұңғыма қазу жүмыстары басталғалы жергілікті халық осындай проблемаға тап болды.

Өмір сүрудің өзі қиындап кетті. Менің күйеуімнің бүйрегін алып тастады. Себебі, жергілікті құдықтағы суды ішуге болмайды. Оның сапасы өте нашар. Кір жууға, моншаға суды көлден аламыз. Оның өзі тартылып жатыр. Ал көлдің суын тұтыну үшін бес рет қайнатамыз, - дейді Виногрдавка ауылының тұрғыны Клавдия Акимова.

Ауыл халқының таза ауыз суды күтіп жүргеніне 15 жылдан асқан. Ауқымды жобаға бюджеттен бірнеше миллиард қаржы да бөлінді. Алайда құрылысшылар нәбәрі үш шақырым ғана құбыр төсеген.

«Үш шақырым құбыр тартылды. Одан кейін сот процесстері басталып кетті. Содан бар жұмыс тоқтады десем болады. Себебі техникалық құжаттар дұрыс болмай шықты. Негізінен бұл жоба 2010 жылы жасалған», - дейді Виноградовка ауылдық округінің әкімі Әділбек Есендіков.

Жобаға тапсырыс беруші - Су ресурстары комитеті. Олар «Қазбайлық Астана» компаниясымен келісімшартты бұзған. Себебі, шаруалар сапасыз әрі баяу жүргізілген. Яғни мердігер жобаға бөлінген алты миллиардтың тек 612 миллион теңгесін ғана игерген. Бұдан басқа да бірнеше олқылықтар анықталып отыр. Сондықтан жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізілді. Дегенмен, құрылыс жұмыстары қашан жанданып, ауылға таза су қай кезде келетінін әлі де белгісіз.

Жалпы биыл өңірде сумен жабдықтау желілерін қайта құру мен салуға ел қазынасынан 12,3 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл қаражатқа 55 ауылдағы 2 мыңнан астам үйді орталық сумен жабдықтау желісіне қосу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама