«Мен айтсам туған күнгі арманымды»: Балтабек Нұрғалиев президенттен мандат сұрады
Орындар Президентім – Ұлы Тұлғам!
Назарбаевтар әулетінің бас-басына ода арнаумен танылған ақын Балтабек Нұрғалиев кейінгі кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «ұлықтауға» көшкен.
Бұл жолы ол өзінің туған күнін желеу еткен 4 шумақ арнауын кешегі Ұлттық құрылтайдан бастап, президенттен өзін Парламентке депутат етіп тағайындауды сұраумен аяқтаған.
«Дәл келді құрылтаймен күнім туған,
Осы күн өмірімде ұмытылман.
Мен айтсам туған күнгі арманымды,
Орындар Президентім – Ұлы Тұлғам!
Халықтың тілегінен табайын бақ,
Биліктің қақ төріне барайын нақ.
Қолдаса мына мені Президентім,
Депутат Парламентке тағайындап!» - деп толғанған ақын.
Бір қызығы, әр ода жазған сайын әлеуметтік желі қолданушылары оны жерден алып, жерге салып сынап-мінейтін еді, ал қазір басым көпшілігі депутат болғысы келген ниетін қолдап, сәттілік тілеп отыр.