×

Қазақстанда жаңа министрлік құру ұсынылды

Елімізде су саласына 3 министрлік жауап береді

 Дәурен Ерболат 17.06.2022 | 11:19
Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстанда су мәселесіне жауапты жаңа министрлік құруды ұсынды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның пікірінше, елімізде су ресурстарының потенциалы әлі толық зерттелмеген, бағаланбаған.

«Осыған байланысты Экология министрлігінде дайындалып жатқан су тұжырымдамасының горизонтын 2025 жылға дейін емес, 2030 жылға дейін ұзарту керек. Бұл құжатты дайындауға, талқылауға арнайы ғылыми зерттеу институттары мен мамандарды кеңінен тартқан жөн», - деді Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда.

Депутат бүгінде су саласының бағыттарын басқару мен реттеу 3 министрлікке бөлініп берілгенін атап өтті.

Тіпті трансшекаралық су ресурстарымен Сыртқы істер министрлігі де айналысып кетеді. Бақташы көп, нәтижесі мардымсыз. Көрші мемлекеттерді алып қарасақ, оларда су шаруашылығымен тиісті министрлік немесе агенттік айналысып отыр. Бұл мәселенің өзекті екенін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атап өтті. Сондықтан су саласына жауапты және Қазақстан атынан халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізетін тиісті министрлік құрудың уақыты келген сияқты, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Павлодар қаласының әкімі өзінен 10 мың теңге сұраған студентке жауап берді

Әкім студентке 10 мың теңге беруге уәде етті
25.09.2022 | 08:55

«Бейнекамераға түсірмеуді өтінді»: Атырауға бір топ ресейлік келді

Пойыздан түскендердің ішінде астрахандық қазақтар да бар: 
25.09.2022 | 07:40

Алматылық әйелдің шотынан 5 мың доллар шешіп алған екі жігіт видеоға түсіп қалған

Банк қызметкерлері әйелге хабарласып, шотынан 5 мың доллардан астам қаражат шешілгенін айтқан
25.09.2022 | 06:30

Синоптиктер келесі аптада елордада қар түсетінін хабарлады

29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, түнде алғашқы аяз түседі
25.09.2022 | 00:33