Halyq Uni логотип
×

Павлодарлық өрт сөндірушілер 4 бала мен 1 ересек адамды өлімнен құтқарды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 17.06.2022 | 10:16
Павлодарлық өрт сөндірушілер 4 бала мен 1 ересек адамды өлімнен құтқарды
Фото: ТЖМ

Павлодарда көпқабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Құтқарушылар өртеніп жатқан үйден 4 бала мен 1 ер адамды алып шыққан.

Кеше сағат 16:04-те «101» пультіне Павлодар қаласынің Жаяу Мұса көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің 8-қабатындағы бір бөлмелі пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын 6 шаршы метрді шарпыған. Сондай-ақ 9-қабаттағы бір бөлмелі пәтердің балконы жанған, әрі жоғары температура салдарынан 10-қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтердің пластикалық балкон жақтауы балқып кеткен», - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілер 10-қабаттағы өртенген пәтердің темір есігін бұзған.

Олар пәтерге кіргенде 2015 жылы туған баланың залдағы төсекте ес-түссіз жатқанын көрген. №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Дастан Сүлейменов баланы далаға көтеріп шығарып, оны жәдел жәрдем қызметкерлеріне берген. 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер 8-9-қабаттан 3 бала мен 1 ересек адамды құтқарды.

«Жалпы құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы қауіпсіз жерге көшірді. Сағат 16:38-де өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері ата-аналарға балаларын үйде жалғыз қалдырмауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама