×

90 пайызы төмен балл алған: университет түлектері емтихан нәтижесімен келіспей жатыр

70 балмен грант ұтып алу мүмкін емес

 Еркеғали Болатұлы 17.06.2022 | 10:01
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы медицина университетінің түлектері шу шығарды. Олар емтиханда алған бағамен келіспей, тест жауаптарын қайта қарауды талап етіп отыр.

Елдегі 5 медицина оқу орнын қоса алғанда, сынақ тапсырғандардың 90 пайызының бірдей төмен балл алғаны күмән тудырады дейді интернатура бітіргендер. Ал жергілікті медицина университетінің басшылығы бұған студенттердің өздерін кінәлап отыр.

Оқуды әрі қарай жалғастыру үшін 65 балл жинау керек екен. Межеден асқанның өзінде, 70 балмен грант ұтып алу мүмкін емес. Ал Марат Оспанов атындағы медицина университеті деканының орынбасары Гауһар Сүлейменованың айтуынша, студенттер биыл тест сұрақтарының жаңаратынын ескермей, тек былтырғы тесттің жауаптарын жаттап алған.

Енді емтихан орталығындағылар студенттердің наразылығын ескеріп, оларға тестті қайта тапсыруға рұқсат беріп отыр. Бірақ студенттер одан бас тартқан. Сол себепті, қазір бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адами ресурстар департаментінде талқыланып жатқан көрінеді. Шешімді солар қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама