×

Жолаушылар автобусы автокранмен соқтығысты: зардап шеккендер бар

Жол апаты 16 маусым кешкі сағат 17.00 шамасында болған

 Қанат Атаманов 17.06.2022 | 07:30
Фото: inform.kz

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында болған соқтығыс салдарынан бес жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жол апаты 16 маусым кешкі сағат 17.00 шамасында болған. Кamatsu LW 250-5 маркалы автокран Golden Dragon маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустың 5 жолаушысы зардап шегіп, медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, - деді қалалық Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама