×

Қостанай облысында 9 жасар бала іздестірілуде

Белгілері: бойы шамамен 100 сантиметр, жұқалау келген, шашы қара, қысқа

 Қанат Атаманов 17.06.2022 | 06:30
Фото: tengrinews.kz

«Барыс» іздестіру-құтқару жасағының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратта Мейрам Зубковтың 16 маусымда Владимировка ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан лагерден кеткені хабарланған. Осы жерлердің жанында Тобыл өзені ағып жатыр.

Белгілері: бойы шамамен 100 сантиметр, жұқалау келген, шашы қара, қысқа.

Киген киімі: қою жасыл қалпақ, жасыл камуфляж куртка, көк шорт.

2012 жылы туған Мейрам Зубковты іздеуге көмектесетін қандай да бір ақпараты бар адамдардан 8(777)412-90-45, 8(707)590-77-57 немесе «102» телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама