Halyq Uni логотип
×

Экология заңнамасын бұзған ірі компанияға 33 млн теңгенің айыппұлы салынды

Кәсіпорынмен өтелмеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады

 Қанат Атаманов 17.06.2022 | 00:30
Экология заңнамасын бұзған ірі компанияға 33 млн теңгенің айыппұлы салынды
Фото: inform.kz

Павлодар облысының Экология департаменті Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ға қатысты бірінші жартыжылдық жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру барысында 2018-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы белгіленген рұқсат етілген квоталар көлемінен асып кету бөлігінде экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының қолданыстағы жүйесі шеңберінде кәсіпорынмен өтелмеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады. Заңнама талаптарына сәйкес кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квоталар көлемін жабуға мәжбүр болған, - делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

Осы жайтқа қатысты құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айппұл салынды.

Айыппұл сомасы – 33 301 625 мың теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама