×

Түркістандық қойшы шаруаның малын сатып жіберіп, 16 млн теңге шығын келтірген

Тергеу барысында күдіктінің 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата бергені анықталды

 Қанат Атаманов 16.06.2022 | 20:30
Фото: inform.kz

Ордабасы ауданының тұрғыны өзіне тиесілі асыл тұқымды жүздеген малды сатып жібергенін айтып, полицияға қойшысының үстінен шағым түсірді.

Шаруаның мәлімдеуінше, қойшы әрқайсысы 70 мың теңге тұратын 200-ден астам малды сатып жіберген. Күдіктінің жәбірленушіге келтірген шығынының жалпы көлемі 16 000 000 теңгеден асады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеуге алды. Тергеу барысында күдіктінің 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата бергені анықталды. Ол өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу үшін қылмысқа барғанын мойындады, - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 Күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама