×

Ұлттық ұлан сақшылары көлік ұрлаған азаматты ұстады

Сақшылар ескертуге ашуланып, бейәдеп сөздер қайтарған азаматты тоқтатқан

 Қанат Атаманов 16.06.2022 | 19:30
Фото: ашық дереккөздерден

Павлодарда теміржол вокзалы аумағында кезекті патрульдік қызметте жүрген №5512 әскери бөлімінің сақшылары көшеде өзіне сенімсіз, мас адамша қисалаңдап жүрген адамды байқап қалған.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелдінің айтуынша, сақшылар ескертуге ашуланып, бейәдеп сөздер қайтарған азаматты тоқтатқан. Құжаттарын тексере келе оның бұрын соңды ҚР ҚК 160 бабы, 1 тармағы бойынша сотталғаны, ал қазір «Camry» автокөлігін ұрлау дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталады.

Күдікті бірден Павлодар қалалық полициясының №4 учаскелік пунктіне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама