×

Тоқаев халықтың ақыл-кеңесіне жүгініп, идеяларын қолдауға уәде берді

Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі

 Еркеғали Болатұлы 16.06.2022 | 16:05
фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапқанына тоқталып, енді өзінің аға, орта және жас буынның ой-пікірлерімен санасатынын жеткізді.

Айтуынша, дербес облыс мәртебесі Ұлытау аймағын тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді.

Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ бұл өңірдің алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталғанын атап өтті. Одан кейін айтары бар ағайынның үніне шын мәнінде құлақ түретінін жеткізді.

«Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлатын жастардың тың идеяларын қолдаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама