Бұл – ең алдымен ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе
Араға ширек ғасыр салып, президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы қазір облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде басталды.
Оның құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар. Құрылтайдың ашылу салтанатында сөз бастаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді.
Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар, - деді президент.
Оның айтуынша, біз тәуелсіз ел ретінде, ресми Қазақстан Республикасының атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшартқа қол қойып, мемлекеттік шекарамызды бекіткенбіз.
«Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.