Астанада заңсыз тұрғызылған тұрғын үй кешені сүріледі

Қымбат Елтайқызы

Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

фото: Астана әкімдігі

Елорданың Нұра ауданындағы Шыңғыс Айтматов көшесі, 49 мекенжайындағы өз бетінше басталған Onyx-2 ТК-ның құрылысы тоқтатылды. Тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, қала аумағында тұрғын үй кешендерін заңсыз салу фактілерін анықтау әрі жолын кесу Астана прокуратурасының үйлестіруімен жүргізіледі.

Тапсырыс беруші нысанда жерге тиісті құқықсыз, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеусіз әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаған. Бұл өз кезегінде «Қазақстандағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң талаптарын бұзу болып саналады, – деп қосты ведомство.

Осылайша, қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасы құрылыс салушыларға қатысты анықталған заңбұзушылықтарды жою әрі болдырмау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Нысандарды салу кезінде «Қазақстандағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң сақталуы тиіс.