Halyq Uni логотип
×

Бекболат Тілеуханның қазір қайда екені айтылды

Экс-депутаттың қайда, не істеп жүргені белгілі болды

 Халық үні 14.01.2022 | 15:21
Бекболат Тілеуханның қазір қайда екені айтылды
фото: ашық дереккөзден

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеуханның халі жақсы, онда бәрі дұрыс.

«Ол Сауд Арабиясы Корольдігінде, Меккеде жүр», - деді экс-депутаттың туыстары.

Қазір Қазақстанда интернет желісінде Тілеуханның ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

2021 жылғы 29 желтоқсанда Бекболат Тілеухан Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтатқан болатын.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН

1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.

Білімі жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «концерттік орындаушы» мамандығы бойынша, 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.

1996-2001 жж. - Президент оркестірінің көркемдік жетекшісі.

2001-2002 жж. - Мәдениет комитетінің төрағасы.

2002-2004 жж. - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Мәдениет вице-министрі.

2004-2007 жж. - ІІІ сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты.

2007-2011 жж. - ІV сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты.

2012- қазіргі кезге дейін - Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.

2016-2021жж - VІ сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап VІІ сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

«Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі» атағын алған (1996 ж.), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1998 ж.), «Парасат» орденімен (2005 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Үйленген, тоғыз ұлы, алты қызы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама