Қорғаныс министрі тағы бір қызметке ие болды

Дәурен Ерболат

Бұрын бұл қызметті Айдос Ақжанов атқарған

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрдің кандитурасын федерацияның барлық мүшесі бірауыздан қолдады.

Федерация мүшелеріне маған сенгені үшін алғыс айтамын. Спорттық және жауынгерлік самбо әскери және құқық қорғау қызметінің жеке құрамын дайындау үшін керек. Спорттың бұл түрін дамытуға бар күшімізді саламыз, – деді генерал-полковник Жақсылықов.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.