Атырауда құтқарушылар басын орындыққа қыстырып алған балаға көмектесті

Дәурен Ерболат

Ата-ана 112 қызметіне хабарласқан

Фото: ТЖМ

Атырауда мамандар басын орындыққа қыстырып алған 5 жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, қалада 2019 жылы туған бала ойнап жүріп, басын орындыққа қыстырып қалған. Ата-анасы ұлына көмектесе алмаған. Кейін олар 112 қызметіне хабарласқан.

Құтқарушылар Holmatro құралын пайдаланып, балаға көмектесті.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.