340-қа жуық адам ауруханаға жатқызылған
Жыл басынан бері Апаттар медицинасының орталығы 3 мыңнан астам адамды өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, биыл орталық филиалдарында жұмыс істейтін мамандар төтенше жағдай болған орынға 6700-ден аса рет барды.
Зардап шеккен 2500-ден аса адам құтқарылып, оның 339-ы емдеуге жатқызылды. Жыл басынан бері орталық мамандары елімізде 3 мыңнан аса адамды өлімнен құтқарған, – деп жазылған хабарламада.