Өтемақы алуды жеңілдету керек
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бүгінде Air Astana компаниясы аспанның «Құдайы» болып алғанын, кәсіпорынның жұмысын тексеруді ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Air Astana аспанның «Құдайы» болып алған. Барлық билеттің (бағасы Жаңа жыл) жақындағанда көтеріледі. Арақашықтық деген бос әңгіме. Билеттің (бағасы) қалай көтеріледі? Ол жақындағанда көтерілмеуі керек, керісінше билеттің (бағасы Жаңа жыл) жақындағанда түсуі керек. Себебі, билетті тез өткізу керек. Олар керісінше жұмыс істейді. Air Astana-ның мәселесін май шаммен қарау керек. Фостер мырза (Air Astana президенті Питер Фостер), сіз шаңыраққа қараңыз? Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз керек, - деді Еділ Жаңбыршин Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Депутат әуе рейсі кешіккенде берілетін өтемақыны беру процесін жеделдетуді ұсынды.
Біз депутат Самат Мұсабаев екеуміз (әуе рейсі) 1 сағатқа кешіккенде 3% штраф салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, мен 2 тамызда Air Astana-ның ұшағы 12 сағатқа кешікті. Әлі күнге дейін өтемақыны ала алмай жүрмін. Неге? Олар қитұрқы схема жасап қойған. Заявка беріп, оның жауабын алып, оған барып, ақша алу деген... Мен әдейі жүрмін, бәрібір мен (ақшаны) аламын. Алдында біреуін алдым. Олар алған ақшаңызды ешкімге жарияламауыңыз керек деп талап қояды.
Сондықтан тек Air Astana емес, жалпы көліктегі заңмен қарастырылған компенсация алуды жеңілдетіңіздер. Адам 10 айда өзінің өтінішін беріп, ақша оның есепшотына тез түсуі керек. Олар өте қиын ғып қойған. Бүгінде тек компьютерді білетін соңында ерінбей жүретін адам ғана ақшаны қайтара алады. Бұлар әдейі істеп қойған», - депутат.