Жетісу облысында жоғалған малшы табылды

Қымбат Елтайқызы

Мамандар жұмылдырылды

фото: Halyq Uni

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кеше Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылының шетінде 1980 жылы туған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді, – деп мәлімдеді ТЖМ.

Іздестіру тобы жоғалған адамды Сарыбел ауылынан 5 шақырым жерде тапты. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне берді, жағдайы тұрақты.