Halyq Uni логотип
×

Абай облысында жиһаз цехы өртенді

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 23.12.2024 | 10:14
Абай облысында жиһаз цехы өртенді
Фото: видеодан скриншот

Абай облысында жиһаз цехындағы өрт шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Семей қаласы Водников көшесі бойындағы екі қабатты жиһаз цехының бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып, от екінші қабаттың төбесіне ауысқан.

ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама