Күдікті әлі іздестіріліп жатыр
Алматы қаласының полиция департаменті 20 желтоқсанда атыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқиға 20 желтоқсанда таңертең Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болған. Белгісіз ер адам элиталық үйдегі пәтерлердің бірін тонамақ болған. Бетперде киген ол өзін электрик ретінде таныстырып, есікті ашуды өтінген. Есік ашылғанда іштегі ерлі-зайыптыға қарсы оқ атқан.
Қарақшы полиция келгенге дейін жасырынып үлгерді. Ал пәтер иелері аман қалды. Күдікті әлі іздестіріліп жатыр.
Қалалық ПД баспасөз қызметі осы факті бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.
Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.