Риддерде ЖЭО-дағы жарылыстан алты адам зардап шекті

Халық үні

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды

фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 21 желтоқсанда таңғы сағат 4:39-да жылу орталығында жарылыс болды. Зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдай «Риддер ЖЭО»-ның таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде болған. Әкімдік үйлердегі жылу батареясының қызуы аздап төмендеуі мүмкін екенін ескертті.

Шаң-ауа қоспасының жарылысы болды. Алайда өрт тіркелген жоқ. «Риддер ЖЭО» штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үйлердегі температура қалыпты деңгейде сақталуда. Сыртқы ауа температурасы Риддер қаласында -4 градус суықты көрсетіп тұр, - деп мәлімдеді ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Шығыс жылу» АҚ мамандары қаладағы жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты желідегі қысымның уақытша аздап төмендеуі мүмкін екені де ескертіледі.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.