Halyq Uni логотип
×

Миының ортасына дейін кірген: Петропавлда үш жасар бала пышақтың үстіне құлады

Сәбидің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған

 Halyq Uni 21.12.2024 | 09:57
Миының ортасына дейін кірген: Петропавлда үш жасар бала пышақтың үстіне құлады
фото: Halyq Uni

Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен 3 жасар сәбидің жағдайы ауыр. Ауруханаға дереу жеткізілген баланы аман алып қалу үшін дәрігерлер бар күшін салып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Бала пышаққа ас үйде жүріп құлаған. Жанында анасы да болған. Бірден жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізгенше, сәбидің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның көзі зақымданбаған дейді. Пышақ жанарының үстінен өтіп, миының ортасына дейін жеткен.

Жағдайы ауыр. Жедел түрде жансақтау бөлімшесіне орналастырылды. Керекті барлық емдеу жүргізілді. Дәрігерлер консилиум, КТК жасап, мамандармен кеңесті. Операцияға көрсеткіші жоқ. Бүгінде 6 сағат сайын нейрохирургтармен, офтальмологтармен консультация жүргізіп жатырмыз. Бүкіл қажет ем-шара жүргізіледі, – деді СҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Қазір сәбидің өмірі үшін арпалысып жатқан дәрігерлер болашақта бұл жарақатының денсаулыққа қандай әсері болатынын айта алмай отыр. Ал полиция баланың неден жарақат алғанын анықтауға кіріскен.

Полиция бөлімішесіне 3 жасар баланың ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Петропавл қаласының полициясы баланың жарақат алу себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бұл жағдай оқыстан болған, – деді СҚО ПД баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама