×

Атырауда халық тамақтан уланып қалды

Кәсіпкердің кәнісі дәлелденсе, екі жылға дейін сотталады

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2022 | 13:32
фото: atpress.kz

Атырау қаласындағы «Afisha» жекеменшік киоскіден тамақтанған тоғыз адам облыстық инфекциялық ауруханаға түсті.

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті жетекшісінің орынбасары Әлия Бекешова айтты.

Оның айтуынша, Сырым Датұлы көшесінің бойында орналасқан «Afisha» жекеменшік киоскіден құстың етінен жасалған донерді жеген бір топ адам уланып қалған. Қазір осыған қатысты қалалық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

Егер кәсіпкердің кәнісі дәлелденсе, ол ірі көлемде айыппұл төлеп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама