Алименттен жалтарған 500-ден аса борышкер құмыр ойынға 1,5 млрд теңге жұмсаған
Олардың қарызы 1 млрд теңгеден асады
Астанада алимент төлемей жүрген 500-ден аса борышкер құмыр ойынға 1,5 млрд теңге жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда прокуратурасының үйлестіруімен сот орындаушылары жалақы бойынша борышкерлерден 320 млн теңге өндіріп, 160 жұмысшының құқығын қорғады.
2,5 млрд теңге алимент бойынша қарыз өндіріліп, 5 мыңнан аса балаға көмек көрсетілді.
Қалалық прокуратура борышкерлердің сот актілерін орындаудан жалтару фактісін анықтап жатыр. Мысалы, 1 млрд теңгеден астам қарызы бар 500 аса борышкер құмар ойындарға (букмекерлік кеңселер, казинолар, онлайн казинолар арқылы) 1,5 млрд теңге жұмсаған, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ 8 млн теңге қарызы бар басқа 2 борышкер курьерлік жеткізу қызметінде жұмыс істеп, кірісін жасырған. 10 борышкер 230 млн теңге пайда тапқан. Алайда 50 млн теңге қарызын өтемеген.
Бұл заңбұзушылықтар бойынша қалалық прокуратура 38 сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасады, 14 борышкер сотталды, 165 әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп жазылған хабарлама.