Жалған айғақтар берген куәгер сотталды

Динара Амантай

Үкім шығарарда сот оның өкінгенін ескерді

Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында көлік прокурорлары куәгерлердің бірі жалған айғақ бергенін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады.

Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ведомство өкілдері жалған айғақтар сот жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіріп, қылмыстық жауаптылыққа алып келетінін еске салды.