Halyq Uni логотип
×

Алматыда есірткі өндірген ерлі-зайыпты қолға түсті (ВИДЕО)

Есірткі қылмысы азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 20.12.2024 | 18:00

Ерлі-зайыпты есірткіні заңсыз өндірді және сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары «заң мен тәртіп» принципі бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді. ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласында есірткі заттарын заңсыз дайындаумен әрі сақтаумен айналысты деген күдікпен жас отбасылық жұпты құрықтады. 

 «Олар Telegram арқылы жетекшіден алған нұсқау бойынша әрекет етіп отырған. Күдіктілер прекурсорларды әрі қарай синтетикалық есірткі дайындау үшін алып кетіп жүрген. Дайын өнімді қаптап, одан әрі сату үшін орамалар жасаған. Үйді тінту кезінде 270-ке жуық доза, сонымен қатар қажетті компоненттер мен құрал-жабдық тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама