Оралда үйде жалғыз қалған 2 жасар бала құтқарылды
Құтқарушылар арнайы құралдың көмегін пайдаланды
Оралда құтқарушылар үйде жалғыз қалған 2 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Әйел балконға шыққан, алайда есік қатты жабылып, ол пәтерге қайта кіре алмаған. Салдарынан 2022 жылы туған қыз үйде жалғыз қалған.
Көмек сұраған ананың дауысын естіген көршілер 112 қызметіне қоңырау шалды.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдардың көмегімен пәтердің есігін ашты. Бала аман-есен анасына тапсырылды.