3 облыста жол жабылды

Дәурен Ерболат

Жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс

Фото: pixabay.com

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы облысы: 

  • Биыл 20 желтоқсан сағат 07:00-де республикалық маңызы бар «Алма-Тау туристік орталығына кіру», (Тұздыбастау ауылы – Бесқайнар ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді;

Жамбыл облысы:

  • Биыл 20 желтоқсан сағат 09:00-да республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды;

Түркістан облысы:

  • Биыл 20 желтоқсанда сағат 09:00-да республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-663 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан – Қарабұлақ ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.