Солтүстік өңірлерде халық саны азайып жатыр

Дәурен Ерболат

Елімізде қалаға көшкендердің үлесі басым

Фото: Halyq Uni

Қазақстанның солтүстігінде халық саны азайып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Telegram-дағы Economy_kz арнасың мәліметінше, 2024 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша Қазақстанда 20 млн 244 мың адам тұрады, бір жылдағы өсім – 1,3%. Оны табиғи өсім мен көші-қон ағыны қамтамасыз етті.

Бүгінде еліміздегі қалаларда 12 млн 727,4 мың адам (62,9%), ауылдарда 7 млн 516,6 мың адам (37,1%) тұрып жатыр.

Көші-қон:

  • Келген мигранттардың саны 7,6%-ға, кеткендердің саны 18,5%-ға азайды;
  • Негізгі бағыт ТМД елдері (келгендердің 80,2% және кеткендердің 76,5%).
  • Ішкі көші-қон 47,9%- ға өсті. Халықтың басым бөлігі ірі қалаларға қоныс аударып жатыр:
  • Астана: +60 505 адам;
  • Алматы: +28 665 адам;
  • Шымкент: +6 682 адам.

Табиғи өсім:

  • • Астана +94,6 мың адам;
  • • Алматы: +62,6 мың адам;
  • • Шымкент: +33,5 мың адам.

Проблемасы бар өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 7,7 мың адамға азайған;
  • Қостанай облысы – 4,3 мың адамға азайған.