Солтүстік өңірлерде халық саны азайып жатыр
Елімізде қалаға көшкендердің үлесі басым
Қазақстанның солтүстігінде халық саны азайып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Telegram-дағы Economy_kz арнасың мәліметінше, 2024 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша Қазақстанда 20 млн 244 мың адам тұрады, бір жылдағы өсім – 1,3%. Оны табиғи өсім мен көші-қон ағыны қамтамасыз етті.
Бүгінде еліміздегі қалаларда 12 млн 727,4 мың адам (62,9%), ауылдарда 7 млн 516,6 мың адам (37,1%) тұрып жатыр.
Көші-қон:
- Келген мигранттардың саны 7,6%-ға, кеткендердің саны 18,5%-ға азайды;
- Негізгі бағыт ТМД елдері (келгендердің 80,2% және кеткендердің 76,5%).
- Ішкі көші-қон 47,9%- ға өсті. Халықтың басым бөлігі ірі қалаларға қоныс аударып жатыр:
- Астана: +60 505 адам;
- Алматы: +28 665 адам;
- Шымкент: +6 682 адам.
Табиғи өсім:
- • Астана +94,6 мың адам;
- • Алматы: +62,6 мың адам;
- • Шымкент: +33,5 мың адам.
Проблемасы бар өңірлер:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 7,7 мың адамға азайған;
- Қостанай облысы – 4,3 мың адамға азайған.