Жетісу облысында учаскелік полицей сотталды

Динара Амантай

Сот үкімі күшіне енді

Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында заттай дәлелдемелерді ұрлаған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Текелі қаласында учаскелік полиция инспекторына қатысты іс аяқталған. 2017 жылдың наурызында аталған адам бір топ сыбайластарымен бірге 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған.

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану») кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі күшіне енді.