Halyq Uni логотип
×

Түркістанда есірткі таратушыдан 400 доза мефедрон тәркіленді

Есірткі қылмысы азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 17.12.2024 | 17:33

Түркістанның тәртіп сақшылары есірткі таратушыдан 400 дозаға жуық мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысының сақшылары есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында ірі заң бұзушылықтың жолын кесті. Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, жасырып кетумен айналысқан жас жігіт қолға түсті.

Күдіктінің үстінен тінту жүргізу кезінде оның жанынан полиэтилен пакеттерге салынған 60 орама есірткі тәріздес зат табылды. Сараптама нәтижесінде алынған заттың салмағы шамамен 200 грамм, яғни 400 дозаға жуық мефедрон екені анықталды.  Тергеу барысында күдіктінің Шымкентте пәтер жалдап, одан кейін такси арқылы Түркістан облысына келіп, синтетикалық есірткіні белгіленген орындарға жеткізуді жоспарлағаны белгілі болды, – делінген ақпаратта.

Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама