Halyq Uni логотип
×

Екібастұзда зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Ол кінәсін мойындады

 Дәурен Ерболат 17.12.2024 | 11:50
Екібастұзда зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды
Фото: Halyq Uni

Екібастұзда полиция зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, полицияға зейнеткер арызданған. Әйел белгісіз біреулер оның банк шотынан 13 млн теңгесін заңсыз иемденгенін айтқан.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында инсульт бөлімшесінде ем қабылдағанын анықтады. Осы уақытта оның палатасында бірнеше науқас жатқан. Полицейлер барлық науқастан жауап алды.

Тексеру нәтижесінде палатада емделіп жатқан жас әйелдің зейнеткердің Kaspi мобильді қосымшасына кіріп, ірі көлемде ақша ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қылмысын мойындады.

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге полицияға келу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама