Алматыда өрттен 4 бала құтқарылды

Динара Амантай

Тұрғын үйдегі дүкен сөрелері жанған

Фото: Halyq Uni

Алматыда өрттен 4 бала құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, таңертең Наурызбай ауданында С.Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенген.

Баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты, – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің кәсібилігінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.