Шымкентте білім бөлімінің басшысы мен 18 колледж директоры заңды өрескел бұзған

Халық үні

Тексеру қорытындысы бойынша 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды

фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының прокуратурасы білім басқармасының қызметінде бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратура техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде заңдылықтың сақталуын талдады.

Тексеру барысында мына заң бұзушылықтар анықталды:

  • Гранттарды бөлу жөніндегі комиссия шешімі бойынша негізсіз өзгерістер енгізілген;
  • Кейбір мамандықтарға қажетті лицензиялар болмағанына қарамастан, гранттар берілген, - деп жазылған хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды. Олардың ішінде 18 колледж директоры мен Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы бар.

Прокуратура заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.