Halyq Uni логотип
×

Өскеменде із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың мәйіті өзен жағасынан табылды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Халық үні 15.12.2024 | 12:00
Өскеменде із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың мәйіті өзен жағасынан табылды
фото: Halyq Uni

12 қарашада жоғалып кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің мәйіті Үлбі өзенінің жағасынан табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесі 13 желтоқсанда табылған.

Полиция қызметкерлері 13 желтоқсанда Өскеменнің Протозанов көшесінен, Үлбі өзенінің жағасынан бұған дейін із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Әнел Еріктің мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама