«Абай облысының құрметті азаматы» медаліндегі айрықша белгінің өз мағынасы бар...
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаева «Абай облысының құрметті азаматы» наградасымен марапатталды, деп хабарлайды Halyq Uni Kazinform-ға сілтеме жасап.
Өңірдің ең жоғары наградасын осымен екінші мәрте табыстап жатырмыз. Бұл – елге адал қызмет етіп, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ. Марапат иелерінің әрқайсысы – өңірге, елге танымал, - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Сонымен, «Абай облысының құрметті азаматы» атағын алғандар:
«Абай облысының құрметті азаматы» медаліндегі айрықша белгінің өз мағынасы бар. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді. Көк – бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді. Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді, - деп хабарлады өңір әкімдігі.