Halyq Uni логотип
×

Қамаудағы «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады

Сот талқылауы басталды

 Халық үні 14.12.2024 | 15:10
Қамаудағы «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады
фото: видеодан скриншот

Кезінде «қылмыс әлемінің серкесі» атанған Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталды. Бұл туралы оның авдокаты Олег Чернов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сот талқылауы басталды. Авдокаттың айтуынша, сот үкімі келесі жылдың басында шығады.

Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталды. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға ұзақ мерзімді жаза тағайындауды сұрады. Шешім 2025 жылдың қаңтар айының басында шығатын болады, – деді Олег Чернов.

Бұл іс бойынша айыпталушылар қатарында Алматы қалалық маслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Ысқақов та бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама