Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе-Қызылорда тас жолында көлік апаты неге жиі тіркеледі?

Биыл бұл жолда апаттан 11 адам көз жұмған

 Дәурен Ерболат 13.12.2024 | 18:01
Ақтөбе-Қызылорда тас жолында көлік апаты неге жиі тіркеледі?
Фото: aktobetimes.kz

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе-Қызылорда («Самара-Ташкент» трассасы) тас жолында көлік апаты неге жиі тіркелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өңір басшысы мұндай проблема барын мойындады.

Өкінішке қарай, бұл мәселе өзекті болып тұр. Жол екі жолақтан тұрады. Онда фуралар көп жүреді. 3 мың көлікке арналған жолда қазір 16 мың көлік өтеді. Көлік апаты жойылмай тұр. Осыған байланысты бұл жолда полиция қызметкерлерінің санын көбейтіп, 2 наряд қостық. Біз жүк көліктерін жинап, оларды бір нүктеден екінші нүктеге дейін жетуін қамтамасыз етіп отырмыз, - деді Асхат Шахаров ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл бұл трассада 200-ден аса көлік апаты тіркеліп, 11 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама