10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Динара Амантай

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Бұзақылық жасағаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады.

Ер адам атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген. Қылмыс орнынан қашып кеткендіктен, оған іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – делінген полиция хабарламасында.

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.