Halyq Uni логотип
×

Шерзат Болаттың өлімі: облыс әкімі халықты полицияға сенуге шақырды

Жағдай министр мен бас прокурордың жеке бақылауында

 Дәурен Ерболат 13.12.2024 | 12:55
Шерзат Болаттың өлімі: облыс әкімі халықты полицияға сенуге шақырды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат және оның ағасының өлімін тәртіп сақшылары тергеп жатқанын айтып, құқық қорғау органдары берген ақпаратқа сенуге шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Біз (Шерзат Болаттың – автор) отбасына көңіл айтамыз. Жалпы, бұл мәселе біздің назарымызда. Құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда (іс) ішкі істер министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында. Сондықтан біздің аудиторияға айтқым келгені – сабыр сақтап, құқық қорғау органдары берген мәліметтерге көңіл бөліп, сену. Қазір олар ашық жұмыс істеп отыр. Әр жұмысы бойынша баспасөз құралдарында (ақпарат) жариялап жатыр, – деді Марат Сұлтанғазиев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Сондай-ақ, Талғар қаласы маңында Шерхат Болаттың 30 жастағы ағасының мәйіті табылған болатын. Алдын ала мәліметке сай, ол өзіне қол салған. 

Биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. 12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті. Полицейлер 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. 11 күдікті ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама