Сүйіктісіне ұрланған гүл сыйлаған жігіт жауапқа тартылды

Қымбат Елтайқызы

Оқиға Астанада болған

фото: Halyq Uni

Елордадағы романтикалық оқиға күтпеген жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, қаланың бір ауданында гүл сататын дүкен иесі тәртіп сақшыларына жүгініп, құнды гүл шоғының ұрланғаны туралы шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу гүл жеткізушінің Hyundai Elantra көлігінің ішіне еркін кіріп, бағалы екі гүл шоғын алып кеткен. Ұрлық кезінде көлік есігі ашық күйінде қалған. Шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.

Полицейлер жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктіні анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам бұл әрекетін толық мойындап, гүлдерді сүйіктісімен татуласу үшін ұрлағанын жеткізді. Оның дерегінше, олар ұрысып қалған, ал кешірім сұрау үшін гүл сыйламақ болған, бірақ ақша тапшылығы осындай әрекетке итермелеген, – делінген ақпаратта.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.