×

Петропавл тұрғыны алкоголь өнімдерін қолдан жасап сатқан

Тінту кезінде 8 мыңнан астам өнім тәркіленді

 Динара Амантай 16.06.2022 | 10:30
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Петропавл қаласының тұрғыны қала орталығындағы гараж кооперативтерінің бірінде суррогат өнімін жасап, халыққа өткізген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех қызметін әшкереледі.

Тінту кезінде жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар 8 мыңнан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық бес литрлік пластик ыдыстар, сондай-ақ бос ыдыстар, қақпақтар, хош иістендіргіш концентрат және суррогат толтыруға арналған арнайы құрылғы табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама