Halyq Uni логотип
×

Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді

16 желтоқсан – Тәуелсізік күні

 Halyq Uni 12.12.2024 | 15:59
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
фото: Алматы әкімдігі

Мегеполисте Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар ұйымдастырылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

16 желтоқсанда Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің, қала әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысады.

17 желтоқсанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, әкімдік өкілдері және қала жастары қатысады. Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, дін өкілдері құран бағыштайды, – деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қала аудандарында өтеді.

Алмалы ауданында 13 желтоқсанда Ten Qogam орталығында және Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Желтоқсан оқиғасына арналған концерттер өткізіледі.

Бостандық ауданында 15 желтоқсанда сағат 16:00-де аудандық комьюнити орталығында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 16 желтоқсанда сағат 18:00-де Mega Alma-Ata сауда орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті болады.

Медеу ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:30-да Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік» атты кездесу өтеді.

Түрксіб ауданында 13 желтоқсанда ауданның Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған концерт ұйымдастырылады. 14 желтоқсанда аудандық комьюнити орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастардың қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты дөңгелек үстел өтеді.

Наурызбай ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында «Тұғыры биік – тәуелсіздік» атты концерт өтеді.

Әуезов ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы технологиялық колледжінің акт залында «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты концерт өткізіледі. Сонымен қатар, ауданның комьюнити орталығында Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб ұйымдастырылады.

Жетісу ауданында 13 желтоқсанда сағат 14:00-де №193 мектеп ұжымының қатысуымен Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты мерекелік концерт өтеді.

Ай бойы қаладағы барлық білім беру мекемесінде Желтоқсан оқиғасына арналған ашық сабақтар, конференциялар мен кездесулер өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама