Halyq Uni логотип
×

Астанада қысқы демалысқа арналған жайлы орындар аталды

Түрлі демалыс аумағы жасалған

 Қымбат Елтайқызы 12.12.2024 | 15:02
Астанада қысқы демалысқа арналған жайлы орындар аталды
фото: Астана әкімдігі

Қазір елордада сырғанақтар, мұз айдындары, шыршалар мен мерекелік фотоаймақтар көп, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қыста қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген ойын-сауық түрі күтіп тұр: мұз айдындары, слайдтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар. Осындай 60-қа жуық орын 6 ауданда ашылады және қыс бойы жұмыс істейді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Мұз айдындарын, слайдтарды, шағын архитектуралық нысандарды, фотоаймақтарды және басқа да элементтерді ашу бойынша монтаждау жұмыстары қарашаның ортасынан басталды. Ол желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады, – деп қосты ведомство.

Сарыарқа ауданында 12 сырғанақ пен 4 мұз айдынын жабдықтау жоспарланып отыр. Қалалық алаңда үлкен сырғанақ пен мұз айдыны, сондай-ақ мерекелік фотосурет түсіруге арналған қолайлы тақырыптық фотоаймақтар мен табиғи шырша орнатылады.

  • Бөгенбай батыр даңғылы, 43 бойындағы саябақ: табиғи шырша маңында орналасқан отбасылық мұз айдыны.
  • «Көктал» саябағы: түрлі жастағы адамдарға арналған екі сырғанақ, сонымен қатар жаппай сырғанауға арналған үлкен мұз айдыны.
  • Есіл өзенінің жағалауы: түрлі деңгейдегі 8 сырғанақ және өзен үстіндегі мұз айдыны.
  • А.Герцен және Оқжетпес көшелерінің қиылысы: қысқы демалысты көңілді өткізу үшін сырғанақтардың бірін орнату.

Байқоңыр ауданында негізгі ойын-сауық орындары мына мекенжайларда орналасады:

  • «Жастар» сарайы (Республика даңғылы, 34) аумағында мұз айдыны, сырғанақ жабдықтау және жаңа жылдық шырша орнату жоспарланып отыр;
  • Ж.Тәшенов көшесіндегі К.Ататүрік атындағы саябақ – мұнда мұз айдыны мен сырғанақ орнату жоспарланып отыр;
  • «Жазушылар аллеясы» (Абай даңғылы) – осы учаскеде сырғанақ жабдықтау, шыршалар, жаңа жылдық инсталляциялар мен шағын архитектуралық нысандар орнату жоспарланып отыр;
  • Өндіріс елді мекені (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы) – мұнда мұз айдыны мен сырғанақ орнатылады;
  • Кирпичный елді мекені (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы) – мұз айдыны мен сырғанақ ашылады;
  • Қазқалашық елді мекені (Досмұхамедұлы көшесі, 6) – биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік шырша орнатылады;
  • «СМП» елді мекені (Кеншілер көшесі 5, 126-көше) – биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік шырша орнатылады. Дәл осындай сырғанақ 126-шы көшеде орнатылады.
  • Қоянды саяжай алабы (Алаш тасжолы) – мұнда биіктігі 4 метр сырғанақ, сондай-ақ бес метрлік шырша орнатылады.
  • Сонымен қатар, Целинный шағын ауданындағы Жұбанов көшесі, 3, 3/1, 3/2 аулаларының аумағында үлкен мұз айдыны ашылады. Республика даңғылында және Ж.Тәшенов көшесінде жаңа жылдық жарықтандырулар ілінеді.

Есіл ауданында дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағында мұз айдыны, сырғанақтар және шырша орнатылады. Бұған қоса, сырғанақ Пригородный елді мекенінде де ашылады, ал жаңа жылдық шыршалар мына орындарды безендіреді: Түркістан көшесі жағындағы Ботаникалық бақ, Қабанбай батыр даңғылындағы көпір астындағы алаң, Пригородный елді мекенінде (Арнасай-Жаңадария көшелерінің қиылысы) және Достық көшесі мен Нұржол бульварының қиылысындағы жаңа алаң. Биыл шыршалар алты негізгі орынға орнатылады.

Алматы және Сарайшық аудандарында мына орындар жабдықталады:

  • Қазақ елі монументінің алаңында 2 мұз айдыны, сырғанақ және жаңа жылдық шырша ашылады. Алаң аумағы шағын архитектуралық нысандармен, жарық-люминациялық паннолармен безендіріледі.
  • Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының жанында слайдтар, шыршалар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақ және мұз айдыны орнатылады.
  • Триатлон саябағында мұз айдыны мен сырғанақ ашу жоспарланып отыр.
  • Sana Sport спорт кешені аумағында мұз айдыны, шырша және шағын архитектуралық нысандар орнатылады.
  • Тағы 4 сырғанақ Теміржолшылар, Өнеркәсіп, Интернациональный және Күйгенжар тұрғын алаптарында пайда болады.

Нұра ауданында арнайы тақырыптағы шағын сәулет нысандары орнатылады, фотоаймақтар безендіріліп, жеті сырғанақ пен жеті мұз айдыны ашылады.

  • 14 желтоқсанда сағат мұнарасынан (Тұран даңғылы жағындағы орталық саябақ аумағы) басталатын 290 метрлік желілік мұз айдыны ашылады. Мұз айдынының өзінен бөлек, саябақта шырша мен тақырыптық қондырғылар, бұнымен қатар, жәрмеңкелерге арналған сауда павильондары және т.б. болады.
  • «Астана-Арена» стадионы маңында екі мұз айдыны мен бір сырғанақ орнатылады. Сол сияқты үлкен мұз айдыны мен сырғанақ «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің жанында ашылады. Жағалау скверінде сырғанақ орналасады. Үркер елді мекенінде сырғанақ пен мұз айдыны салынады. Бұдан бөлек, Ғашықтар саябағы аумағында, «Зеленый квартал» ТК жанында, Қабанбай батыр даңғылы мен Қорғалжын тас жолы қиылысында жаңа жылдық фотоаймақтар ашылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама