Өрттің себебі анықталып жатыр
Абай облысында жойқын жарылыстың алды алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ ақпаратына сәйес, Семейдегі Жазық көшесінде металл қақпалар шығаратын бір қабатты цехта өрт болған.
Жарылысты болдырмау мақсатында өрт сөндірушілер оттан 2 оттегі және 2 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Өрт толығымен 40 шаршыметр алаңда сөндірілді, – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.