Halyq Uni логотип
×

Абай облысында жойқын жарылыстың алды алынды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 11.12.2024 | 17:11
Абай облысында жойқын жарылыстың алды алынды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында жойқын жарылыстың алды алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ ақпаратына сәйес, Семейдегі Жазық көшесінде металл қақпалар шығаратын бір қабатты цехта өрт болған.

Жарылысты болдырмау мақсатында өрт сөндірушілер оттан 2 оттегі және 2 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Өрт толығымен 40 шаршыметр алаңда сөндірілді, – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама