×

Елордада сушиден уланып, инфекциялық ауруханаға жатқызылғандардың қатары 100-ге жуықтады

«Окадзаки» сауда орны уақытша жабылды

 Ербол Тұрымбет 16.06.2022 | 09:56
Елордадағы модульдік инфекциялық орталық

9-маусымнан бастап елордадағы инфекциялық ауруханаға жүгінген - сушиден уланған адамдар саны көбейген. Олардың бәрі бір жерден тамақтанғанын айтты. Бүгінде сушиден уланғандардың саны 90 адамнан асқан. Бұған дейін өз бетінше үйінде емделгендер инфекциялық ауруханаға түсіп жатыр.

Ауруханаға түскен тұрғындардың кейбірі мейрамханадан суши жесе, қалғаны тапсырыспен үйіне алдыртқан. Кейін өздерін жайсыз сезініп, дәрігер көмегіне жүгінген.

Басында ауруханаға  адам түскен. Олардың қатары күн санап көбейіп келеді. Ал Байқоңыр ауданында орналасқан қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Егер улану фактісі анықталса, ірі көлемде айыппұл салынады. Қоғамдық тамақтану орны жабылуы да мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Жаннат Пірәлиева айтты.

«Улану фактісі тіркелгеннен кейін Байқоңыр ауданы санитария эпидемиология басқару басқармасы «Окадзаки» сауда орнына эпидемияға қарсы қаулы берген болатын. Оның ішінде сауда орнын жабу туралы нұсқаулық жазылған. 13 маусымнан бастап мекеме жұмысын тоқтатты. Бәрі сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады», - дейді Жаннат Пірәлиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама